Жаңалықтар

16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсиге» қабылданды

Бұл ақпаратты британиялық телеарна мәлімдеді

16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсиге» қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Британиялық әйгілі телеарна BBC-дің журналисі Низар Кинселла Алматының "Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның "Челси" клубына ауысатынын хабарлады.

Жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Челси" клубының академиясына қосылады. Оның жасы 16-да, - деп жазды Кинселла Х әлеуметтік желісінде.

Еске салсақ, алдыңғы маусымда Дастан Қазақстан U-19 құрамасы мен "Қайраттың" QJ League командасында ойнап, 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, бұған дейін 16 жастағы қазақ жігіті "Челси" клубында доп тебетіні туралы хабарлаған едік.