Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады, ал оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

 Метеожағдайлар:

Көптеген өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік пен батыста боран соғып, жел күшейеді.

Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -3-5°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 0, +2°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +7+9°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.