18 наурыз — Сайлау алдындағы тыныштық күні

0 9

Бұл күні заң бойынша сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

19 наурызда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын Сайлау күні.

Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Ертең «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы таңғы 07:00-ден түнгі 02:00-ге дейін әр сағаттың басында тікелей эфирде ақпарат таратады.

Сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түрлі саладағы 2 мыңға жуық адамның қатысуымен «Сайлау-2023» 16 сағаттық онлайн марафонын өткізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.