Жаңалықтар

2 жасар бала алкогольді тәуелділікке шалдыққан

2 жасар бала алкогольді тәуелділікке шалдыққан

Екіден енді асқан балақайдың мұндай халге түскенін көршілері байқап, полицияға хабарлаған. Кішкентай сәби көзін ашқалы араққа сылқия тойып отыратын анасы мен оның достарын ғана көрген. Әйелдің үйі маскүнемдер ордасына айналған. Балақай болса аштықтан, ересектерден қалған заттың бәрін қорек қылған, деп жазды Жамбылинфо KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еріктілердің хабарына қарағанда, отбасының көршілері дабыл қаққан.

Оқиға туралы Павлодар облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған.

Қазіргі уақытта бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына тексеруге жолдама берілгенін атап өтті.