Жаңалықтар

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті

Демалыс күндері Германияның Мюнхен қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Александр Ковригин (3-0, 2 КО) жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының қарсыласы 26 жастағы тәжірибелі грузиялық боксшы Хвича Гиголашвили (17-47, 7 КО) еді. Кездесу алты раундқа созылып, әділқазылардың ортақ шешімімен Александр Ковригиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша Александр кәсіпқой бокс рингіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық боксшының аталмыш саладағы жолы осы жылдың 13 ақпанында Германияның Эггенштайн-Леопольдсхафен қаласында басталған болатын. Ол хорватиялық Филип Потуровичті (0-3) жеңіп, алғашқы жеңісін тойлады. Арада бір апта өткенде, 20 ақпанда Ковригин рингке қайта оралып, осы қалада Грузия спортшысы Мишико Шубитидзені (17-18-3, 8 КО) нокаутқа жіберді.