2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады

0 89
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Ал Ораза айт – 21 сәуір.
Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.