Жаңалықтар

2025 жылы елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2025 жылы елімізде экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бағытында 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іске қосылған кәсіпорындар:

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, KIA Qazaqstan, EkibastuzFerroAlloys, KamLitKZ, Qaragandy Power Silicon, ТЭМПО-Казахстан, ТексолТранс, Kazferro Limited, Гранд Материк, Central Asia Aluminium, Sauran Bricks, СЛ Групп, Евразийский механикалық зауыт, Hong Shun, Алтын Дала Мақта, ТК Газоблок, Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты, Синтез Урал, KazFeltec, Alliance Buildings, KazPan, Bir beldeu bir zhol technology, QILU Agro, Marvik Partners, Himmel Aluminium, Euro Glass, Алтын Групп, Багдар ЛТД, БайконурСтройСнаб, Kapital Construction, AynaGlass, ПолиТрейд Қазақстан.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, экономикаға 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.