2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда өтеді: Қазақстан ресми шақырту алды
Бұл туралы ҰОК хабарлап, шақыртудың Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) тарапынан жіберілгенін мәлімдеді
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын ресми түрде растайды.
1994 жылдан бері Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль түскен.
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.