2026 жылдан бастап оқушылар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алады
Қазақстанда орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты әзірленді
Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов жаңа стандартқан сай мектептердегі оқу жоспары қалай өзгеретінін айтып берді деп жазады stan.kz. Время басылымына сілтеме жасап.
Руслан Қаратабановтың сөзінше, жаңа мемлекеттік білім стандарты қазақ мектептеріне 2026-2027 оқу жылынан бастап енгізіледі. Жаңартылған бағдарламалар аяқталуға жақын. Жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтіп, бекітіледі дейді.
Сондай-ақ ол әр тақырып бойынша оқушы меңгеруі тиіс негізгі нәрселер нақты белгіленетінін айтты.
Руслан Қаратабановтың сөзінше, бағдарламаның өзі түбегейлі өзгермейді.