Жаңалықтар

2030 жылы мұсылмандар екі рет ораза ұстайды

The final spritzer

Бұл Ай күнтізбесі мен Григориан күнтізбесінің айырмашылығына байланысты туындайтын табиғи құбылыс

2030 жылы мұсылмандар үшін ерекше жағдай орын алады – олар бір жылдың ішінде екі рет Рамазан айында ораза тұтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Саудиялық астроном Халид әл-Закак мұндай жағдай әр 30 жылда бір рет кездесетінін айтады. Бұған дейін екі Рамазан бір жылда 1997 жылы, ал одан бұрын 1965 жылы болған. Ғалымның болжамынша, келесі осындай оқиға 2063 жылы қайталануы мүмкін.

2030 жылы Рамазан айы алғаш рет 5 қаңтарда, ал екінші рет 26 желтоқсанда басталады. Осылайша, мұсылмандар бір жыл ішінде 36 күн ораза ұстайды. Алайда, екі ай да қыс мезгіліне сәйкес келгендіктен, күннің қысқалығына байланысты ораза ұстау жеңілдеу болмақ.