21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған

0 17

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей Федарациясы азаматтарының Қазақстанда ЖСН алуы жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін шамамен 70 мыңға жуық Ресей азаматы бейрезидент ЖСН-ын алған», — деді Бағдат Мусин  тілшілерге берген сұхбатында.

Сонынмен бірге Цифрлық даму министрі шетелдіктерге не себепті ЖСН берілетінін түсіндірді.

«Көптеген адамдар ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Біз үшін, мемлекет үшін бұл келушілердің елде болуын, тіркелуін, жүріс-тұрысын, барлық іс-әрекетін қадағалау маңызды. Яғни, біз оларға нақты бір нөмір беріп, барлық деректерде сәйкестендіреміз. Қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін көреміз. Яғни біздің міндетіміз – оларды ІІМ картасына енгізу ғана емес, қадағалаушы органдарымыздың оларды бақылай алуы. Сондықтан, ЖСН – ел азаматтығын айғақтайтын нөмір емес, сәйкестендіруші құрал», — деді Бағдат Мусин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.