22 наурыз күніне ауа райы болжамы қандай
Еліміздің оңтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын, кейде қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді,деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап
Елдің солтүстік жартысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Еліміз бойынша тұман, шығыста – көктайғақ, елдің оңтүстігінде - найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін деп жорамалдайды Қазгидромет.