23 маусым – Қазақстан полициясы күні
Аталған мереке 2007 жылы белгіленген және жыл сайын 23 маусымда - 1992 жылы «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған күні аталып өтеді.
Бүгін – ел тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күн-түн демей еңбек ететін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аталаған күнге орай Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған құттықтау жариялады.
Ведомство басшысы полиция жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оның әрдайым әділдік, абырой және ерліктің символы болуы керектігіне назар аударды. Ол әріптестеріне табандылығы, жанқиярлығы және антқа адалдығы үшін алғыс білдіріп, ал ардагерлерге жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ерекше ризашылығын жеткізді.