240 мың педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.
Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.
«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.