Жаңалықтар

"27 жастағы қызды зорлаған". Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталды

"27 жастағы қызды зорлаған". Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталды

Жетісу облыстық полиция департаментіне 27 жастағы бойжеткен жеке қауіпсіздігі бойынша арыз жазған. Ол Талдықорған полиция бөлімінің бастығының кеңсесінде болған зорлау фактісі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін аталған факті бойынша 120-баптың 2-бөлігі "зорлау"бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Күдікті ретінде Талдықорған қалалық ІІБ бастығы ұсталғаны белгілі болды. Ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккен қыз 1996 жылы туған. Ол Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөліміне жеткізіледі. Қыз өзінің жігітіне қонаққа барған. Жәбірленушінің айтуынша, ОП бастығы оны кабинетіне апарып, еркінен тыс зорлық көрсеткен.