Жаңалықтар

280 жобаға арнайы мемлекеттік қордан 190 млрд теңге бөлінді

The final spritzer

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Арнайы мемлекеттік қордан білім, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларына, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылымдарын жаңғыртуға 280-ге жуық жобаны жүзеге асыру үшін 194 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Соңғы алты жылда ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен екі есе өсіп, 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін жетті. Бұл шамамен 2 миллион азаматтың әл-ауқатына оң әсерін тигізген. Сонымен қатар, 600 мыңға жуық мұғалімнің жалақысы екі есе көтерілді, дәрігерлердің айлығы үш жыл бойы жыл сайын 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға артты. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы да екі есеге ұлғайды.

Елде көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан арнайы жәрдемақы енгізілді, бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға ұзартылды. Сондай-ақ, зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін жұмысшыларға арнайы өтемақы қарастырылды.

2019 жылдан бері қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 73 жастан 75 жасқа дейін өсті. Жалпы өлім-жітім 7,8%-ға, ана өлімі 26,3%-ға, нәресте өлімі 15,8%-ға төмендеді.