0 9

Парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.Ол премьер-министрдің атына жолдаған сауалында 2015 жылы әйелдердің зейнет жасын ұлғайту туралы шешім Қазақстанда 71 жасты құрайтын орташа өмір сүру ұзақтығын ескере отырып қабылданғанын еске салды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеген. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты елімізде өлім-жітім 22 пайызға өскен. Дана Нұржігіттің пікірінше, әйелдерге белгіленген зейнет жасы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне де әсер етеді. «Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес азаматтар жұмыс орындарын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыра беретін болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз. Соңғы кездері үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз. Осыған байланысты, азаматтардың сенаторларға жолдаған көптеген өтінішін ескере отырып, әйелдердің 58 жасында зейнетке шығу жасын белгілеуді, ал еңбегін одан әрі жалғастыру мәселесін өз еркіне қалдыруды ұсынамыз», — деді Дана Нұржігіт.

Сенатор айтқан дерекке сүйенсек, қазір Қазақстанда 453,1 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы 9 262 адам жұмыс іздеп жүр және олардың қатарына жыл сайын жоғары оқу орындарының түлектері қосылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.