«Ұлттық құрылтай» жаңа саяси-әлеуметтік жүйенің тың демократиялық формасы

0 15

Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Жигули Дайрабаев ертеңгі ауқымды шараға байланысты өз пікірін білдірді. Өз сөзінде ол:

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі жарлығымен құрылған Құрылтайды «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында құрылатын жаңа саяси-әлеуметтік жүйенің тың демократиялық формасы деп айтсам артық болмас. Құрылтайдың тек өзіне тән айрықша рөлі бар. Оны терең түсіну үшін тарихымыздың, халқымыздың әлеуметтік даму эволюциясын жақсы білуіміз керек. Осы органның мүшелері – экономикамыздың, саяси жүйеміздің әр бағытындағы белді өкілдері, жақташылары, абыройлы басшылары. Бүгінгі күні олардың біразы қоғамдық жұмыспен қатар, әкімшілік қызметке белсенді араласып, соңынан ерген қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болып жүр»,-деді.
Жигули Молдақалықұлы өзі басқарып отырған қауымдастықтың енді әр әкіммен, министрмен тең дәрежеде мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді талқылауға қатыса алатындықтарына ризашылығын білдірді.
Қорытындылай келе: «Әріптестеріме айтарым — ел сенімін абыроймен ақтайық. Қара қылды қақ жаратын әділдік танытып, тура жолдан таймай, өз қауымымыздың мүддесі үшін 24 сағат аянбай қызмет атқаруымыз қажет. Құрылтай оңынан болсын!»- деп тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.