Елордада түнгі автобустар қозғалысын тоқтатады

0 56

Ертең, 9 тамыздан бастап елордада түнгі автобустар жүрмейді.

«Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайының жұмысы штаттық режимде қалпына келді. Осыған байланысты, ертең, 9 тамыздан бастап №10 бағдардың түнгі автобустарының қозғалысы тоқтатылады. Бағдар қалыпты режимде сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді», — делінген City Transportation Systems компаниясының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Еске сала кетейік, түнгі автобустарды іске қосу туралы шешім елорадалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған болатын. Автобустар 15 шілдеден бері қатынап жүрген еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.