"4 балға дейін жеткен": Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінді
Жер дүмпуы кеше де сезілген
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, жер сілкінісі Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде болған. Оның қуаты Алматыда 3 балды көрсетсе, Талғар, Есік қалаларында 4 балға дейін жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 01 мин Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ» делінген ресми хабарламада.