Жаңалықтар

«4 ұлымда 4 үйір жылқы бар»: Тоқтар Серіков байлығын айтып мақтанды

Бұл туралы әнші "Сырласу" бағдарламасында айтқан

Сұхбат барысында жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева отбасы, бала тәрбиесі, өнер, мал шаруашылығы турасында әңгіме өрбіткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тоқтар Серіков кіндігі ауылға байланғанын,  ұлдарын да ауылға жиі апаратынын айтып, олардың әрқайсысы 
4 үйір жылқы мен  төбет пен тазы асырайтынын тілге тиек еткен. 

Сондай-ақ, әнші қарызы жоқ қазақ жоқ екенін алға тартып, өзінің де бір азаматтарға қарызы барын, оған да көп адам берешек екенін айтқан.