Жаңалықтар

«4 миллион оқушы мектепке барады»: Министр педагогтерге үндеу жасады

Жаңа оқу жылының басталуына 4 күн қалды

Оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінің 2024-2025 жылдарға арналған дайындығы туралы айтып, ұстаздарға үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"Санаулы күндерден кейін 4 млн. жуық оқушылар үшін мектеп есіктері айқара ашылмақ. Барлық педагогтер жаңа оқу жылының қарсаңында сыныптарды жасақтау, сабақ кестелерін құру, оқулықтар тарату секілді дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ұстаз - мектептің жүрегі. Көп нәрсе педагогтердің қолында. Сол себепті, әруақытта мұғалімдерді қолдау керек", - деді министр. 

Министрдің айтуынша, биылғы оқу жылында білім сапасын арттыруға және оқу процесінде жайлы орта қалыптастыруға, әсіресе, мектептің ішкі ережесі мен жарғысының сақталуына, балалардың қауіпсіздігіне, тамақтанудың ұйымдастырылуына басымдық берілмек.