40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің — Геннадий Головкин

0 60

Орта салмақтағы біріккен әлем чемпионы Геннадий Головкин Las Vegas Review Journal-мен әңгімелесу барысында Сауль «Канело» Альвареспен рингте алғаш кездескеннен кейінгі төрт жыл ішінде қандай өзгеріс болғаны туралы айтты.

Боксшылар 17 қыркүйекте Лас-Вегаста үшінші рет жекпе-жекке шығады – бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.

«40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің және 35 жаспен салыстырғанда басқаша көрінесің. Менің жаңа жаттықтырушым бар. Біздің жаттығу процесіміз де басқаша. Соңғы төрт жыл оңай болмады. Төрт жыл — бұл төрт спорт маусымы. Кез келген командалық спорт түрін алыңызшы — футбол немесе баскетбол — соңғы төрт маусымда не өзгергенін қараңыз. Әсіресе мансабым аяқталатын кезеңде нақты айту қиын. Көп нәрсе айта беруге болады. Содан бері өзімде көп өзгеріс болды», — деді қазақстандық боксшы тілшіге берген сұхбатында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.