46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен

0 0

Жамбылдық полицейлер адам ұрлығы қылмысын ізін суытпай ашты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы айтқанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды» делінген жазбада.

Жәбірленуші әйелді полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапты. Полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.