50 миллион теңгеге орнатылған пандустар талапқа сай емес
50 миллион теңгеге орнатылған пандустар талапқа сай емес
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде Тараз қаласындағы қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты қолайлы екендігін зерделеді. Партиялық бақылау комиссиясы мен жұмысшы топтың мүшелері жүргізген зерделеу барысында аялдамалардың бірде-біреуі қоларбаға таңылған жандарға бейімделмегендігі анықталды. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға арналған арнайы белгілер де қойылмаған. Осыдан төрт-бес жылдай бұрын 25 аялдамаға пандус орнатылған. Алайда бетоннан құйылған аялдамалардың ешбірі талапқа сай емес. Арбадағы адам оған өздігінен шыға алмайды. Тараз қаласы əкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің мамандарының айтуынша, осы 25 аялдамадағы пандусқа қазынадан 50 миллион теңге бөлінген. Күлеміз бе, жылаймыз ба? Төлеби Балтабаев.