Жаңалықтар

50 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген азамат Ресейден экстрадицияланды

Қазақстанның Бас прокуратурасының мәліметінше, аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті азамат Ресейден елге экстрадицияланды

50 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген адам Ресейден Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2017 жылы күдікті жалған компания құрып, битум жеткізу туралы жасанды коммерциялық ұсыныс жіберген. Бизнесменнен 50 млн теңге алған соң, ол ізін жасырған. 2024 жылдың қазан айында күдікті Ресейдің Орлов облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге қайтарылды.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.