Жаңалықтар

5513 әскери бөлімінің сарбаздары отбасымен бірге “Таза Қазақстан” акциясына қатысты

The final spritzer

Табиғатты қорғау — адамзаттың ортақ міндеті.

Экологиялық сананы қалыптастырып, қоғамда табиғатқа деген құрмет пен жанашырлықты арттыру мақсатында елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан “Таза Қазақстан” акциясы — осының жарқын дәлелі. Биылғы республикалық сенбілікке 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы да отбасыларымен бірге белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі іске өзіндік үлестерін қосты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл бір реттік сенбілік емес, нағыз рухани және азаматтық жауапкершілікпен атқарылған іс-шара болды. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған тазалық және көгалдандыру жұмыстарына сарбаздар мен олардың жанұялары ұйымшылдықпен жұмылды. Қатысушылар айналаны қоқыстан тазартып, қураған бұта-шөптерді жинап, ағаш көшеттерін отырғызды. Жасыл желекке жан бітіріп, табиғатқа тыныс берген бұл бастама қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісіне айналды.

Сарбаздар үшін бұл шара — тек сенбілік қана емес, тәртіп пен тазалықтың, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың үлгісі. Олар «тазалық — тәртіптің айнасы» деген қағиданы ту етіп, бұл акцияда да өздеріне тән тәртіппен, тиянақтылықпен жұмыс істеді. Сонымен қатар, шараға қатысқан отбасы мүшелері де ерекше белсенділік танытып, балалар мен жасөспірімдер табиғатты күтіп-баптаудың маңызын өз көздерімен көріп, үлкен өмірлік сабақ алды.

Айта кету керек, акцияның тағы бір ерекше тұсы — Әйелдер кеңесінің мүшелері дайындаған ұлттық тағамдармен жалғасты. Қазақтың қонақжай салтын жаңғыртып, бауырсақ пісіріп, қатысушыларға дәм тартқан аналар қауымы шараның шынайы, жылы атмосферада өтуіне өз үлестерін қосты. Бұл өз кезегінде бірлік пен берекені, рухани жақындықты арттырды.

5513 әскери бөлімінің бұл бастамасы табиғатты аялауға бағытталған іс-шаралардың қатарын толықтырып қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні зор қадам болды. Әскери қызметшілердің елге, табиғатқа деген жанашырлықпен жасаған әр ісі — азаматтық позицияның, патриоттық рухтың көрінісі.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бауыржан Кансеитов аталған іс-шараның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Ол өз сөзінде:

Подполковник Бауыржан Кансеитов атқарылған жұмыстың бөлім ұжымының ұйымшылдығын, патриоттық рухын және қоршаған ортаға деген қамқорлығын айқындай түскенін ерекше атап өтті.

Осындай игі істер арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін оята отырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен серпін берілмек. Табиғатты қорғау — болашаққа деген қамқорлық екенін түсінген 5513 әскери бөлімінің ұжымы бұл жолы да бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.