6,5 жылға сотталған актер Асқар Жұмабек түрмеде бренд сөмкелер тігіп жатыр
Актёр темірдің тордың арғы жағында жаңа кәсіп бастаған
6,5 жылға сотталған жас актёр Асқар Жұмабек түрмеде қол өнермен айналысып, таза былғары теріден сапалы сөмкелер тігіп, сатылымға шығарып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі сөмкелерін AS # AR бренд атауымен шығарып жатыр.
Осылайша, актёр ешкімнен ақшалай көмек сұрамай, кәсібін бастап кеткен.
Ал Асқар Жұмабектің өнердегі әріптестері
AS # AR брендін ел ішінде мейлінше насихаттап жүр.
Еске салайық, 2023 жылы Алматы қаласының №2 Бостандық ауданының соты Асқар Жұмабекк бұзақылық жасады, бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағып, оны 6,5 жылға соттаған.