6 айда 19 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды

0 15

Биыл 6 айда 19 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«Биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Тұрғындар саны 50-ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункт ашу, халқы 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт құру көзделеді.

5000-нан астам тұрғын тұратын ауылдарда медициналық-санитариялық алғашқы орталықтар құрылатын болады. Жаңа нормативтер жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дәрігерлік амбулаториялардың учаскелерін кеңейтуді көздейді. «Алтын сағат» қағидаты бойынша ауыл халқына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 32 көпбейінді ауданаралық ауруханалар көпбейінді орталық аудандық ауруханалар болып қайта құрылады», — деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілді. Яғни, мұндай күдікке іліккен пациенттер кезектен тыс әрі шектеусіз дәрігердің қабылдауына кіреді.

«2022 жылдың 6 айында «жасыл дәліз» арқылы 25 мыңнан астам адам өтті. Оның ішінде 19 мыңнан астам пациентте қатерлі ісіктің жаңадан қалыптасу диагнозы анықталды», — деді Жандос Бүркітбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.