6 наурызда Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі тексеріледі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
6-7 наурыз күндері "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шара барысында Астана қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, 6 наурызда сағат 11:00-де "Баршаның назарына!" дабылы беріліп, аумақтық құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. Тұрғындарға үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға кеңес беріледі.