6,5 млн сайлаушы дауыс берді

0 15

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 млн азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 57,02%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%

4. Алматы облысы бойынша – 60,03%

5. Атырау облысы бойынша – 50,22%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,1%

11. Қызылорда облысы бойынша – 66,46%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

«Елі бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды», — деді Мұхтар Ерман.

ОСК азаматтардың сайлау учаскелеріне келуі туралы соңғы ақпаратты елорда уақытымен сағат 22:10-да ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.