7 баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді
Оған тұрмыстық жанжал себеп болған
Ташкентте 7 баланың әкесі әйелін балғамен айуандықпен өлтірді, деп жазады Jambylinfo.kz. өзбекстандық NOVA24.uz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Юнусабад ауданында болған. 31 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйелдің арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде айыпталушы әйелін балтамен ұрған. Ауыр соққыдан әйел тіл тартпай кеткен.
Сотталушының айтуынша, әйелі онымен жиі ұрысып, «балаларыңды асырай алмайсың» деп айыптаған.
Сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады. Қылмыскер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.