«8 баланы асырап алған»: Жамбылда қаза тапқан көпбалалы полицейдің денесі жер қойнауына тапсырылды
Марқұмның артында жұбайы мен 11 баласы қалды
Бүгін жамбылдықтар ірі жол көлік апатынан қаза тапқан полицей 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Полицейдің жаназасына халық көп жиналды.
Бұған дейін белгілі болғандай, Ғалым Арыстанбаев жұбайы екеуі туған 3 баладан бөлек балалар үйінен 8 баланы асырып алған.
Арыстанбаевтар отбасы "100 жаңа есім” жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, сондай-ақ, "Мерейлі отбасы"
республикалық жобасының финалисі болған.
Марқұмның артында 11 бала қалып отыр.
Сурет: orda.kz
Айта кетейік, кеше Жамбыл облысының әкімдігі қара жамылған полицейлердің отбасына көңіл айтып, облыстық полиция департаментінің капитаны Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев пен полиция аға лейтенанты Абылайхан Саутұлы Абишкеннің отбасына әкімдік тарапынан қажетті әлеуметтік көмектер көрсетілетінін айтқан болатын.
Еске салайық, 17 тамыз күні, түнгі сағат 01:00-де Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, оқиға салдарынан екі полиция қызметкері мен 4 адам қаза тапты.