8 наурыз мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне 18 460 теңгеден төленеді.
Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.