9 жасар қазақстандық әнші Қырғызстанда жеңімпаз атанды

0 69

Қырғызстанда өткен «KGтай» өнер фестивалінде 9 жасар қазақстандық әнші Нұржайна Таубалды жеңіске жетті.

Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің дерегінше, Нұржайна бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан сайыста «Вокал» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған. Нұржайна Таубалды — Арқалық қаласында туған.

Бүгінде ол қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Інжу-Маржан» тобының мүшесі. Кішкентай өнерпаз бұған дейін халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ал, былтыр халықаралық «Алтын микрафон-2021» балалар ән байқауында ІІІ орын алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12 жастағы Әлинұр Хамзин Славян базары-2022 халықаралық балалар музыкалық байқауында лауреат атанғанын жазып едік.

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.