Жаңалықтар

Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

Астанадан Аршалы ауданы, Арнасай су қоймасына демалуға келген отбасы қаза тапты

Негізі бұл орын шомылуға арналмағаны белгілі болды ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздың суға бата бастағанын көрген ағасы мен әкесі оны құтқаруға ұмтылған. Қызды судан алып шығу қиындық тудырған соң,  отбасын құтқару үшін балалардың анасы да суға түскен. Бірақ ауа-райының салдарынан жел мен толқынның кесірінен бүкіл отбасы суға батып кетті.