Ақмола облысында бірінші курс кадеті өзін өзі атып өлтірді
Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Щучинск қаласында орналасқан
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы әскери колледжде бірінші курстың кадеті өзін өзі атып өлтірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оқыс оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған Қорғаныс министрлігі студент 2024 жылдың 13 ақпанында өлген. Бірінші курстың кадеті түнгі нарядты атқарып тұрып, қолындағы қаруымен өзін өзі атты деген болжам бар.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеуге байланысты басқа мәліметтер құпия сақталып отыр.