Ақмола облысында мектеп автобусы оқушыны қағып кетті
Зардап шеккен жасөспірім оқиға орнында көз жұмды
Ақмола облысында мектеп автобусы қыз баланы басып кетті - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қайғылы оқиға IT мектеп аумағында болған. Ақмола облысы Полиция департментінің мәлімдеуінше, 19 ақпанда Қараөткел кентіндегі мектеп аумағында жүргізуші мектеп автобусымен 10 жастағы қызды басып кеткен.