Ақмолада байланыс компаниясы қызметкері 30 метр биіктіктен құлап, ауруханаға түсті
Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырып алған мобильді байланыс компаниясының қызметкері аурухана жатқызылды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған. Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.