Жаңалықтар

Ақмолада жоғалып кеткен 16 жастағы қыз басқа өңірден табылды

Кәмелетке толмаған қыз 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз Семейден табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2008 жылы туған кәмелетке толмаған Сәрсенова Дильназ Еранқызы 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Жоғалып кеткен жасөспірімнің әкесі қызын өз бетінше табуға тырысқан. Нәтижесінде таба алмаған. Сол себепті 21 қазанда жоғалған  қыздың ата-аналар құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың Семей қаласында жүргені белгілі болды. Айта кетейік, полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, әсіресе демалыс кезінде бақылауды күшейтуді сұрайды.