Жаңалықтар

Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 17 ақпанда қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.


Бұл орынға Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.

 

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ал бұл лауызымда қызмет атқарып келген Алексей Дмитриевич Калайчиди аталған қызметтен босатылды.