Жаңалықтар

Ақордада Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.