Жаңалықтар

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінен сотталған О.Е жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының  аясында шығарып салу шарасы өтті.Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық ,әлеуметтік-құқықтық көмек ,еңбек және тұрмыстық орналастыру, отбасы мен оң байланыстарды нығайту мәселерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғанмен босатылатын күнінде қолдау және консултациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Тараз қаласының жұмыспен қамту орталығынан білікті маман және Тараз қалалық пробация қызметінен қызметкер шақыртылды.Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта  күтіп жүрген бауыры қуана қарсы алды.