Жаңалықтар

Ақпан айында еліміздің оңтүстігінде ауа райы +5, +15 градусқа дейін жылы болады-«Қазгидромет»

Ақпан айында еліміздің оңтүстігінде ауа райы +5, +15 градусқа дейін жылы болады-«Қазгидромет»

Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ақпан айында ауа райы нормадан 1-2 градус жоғары болады.

Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы сәл ғана көтерілсе, оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.