Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. 1997-1998 жылдары — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы. 1998-1999 жылдары — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман. 2001-2005 жылдары — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі. 2005-2006 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары — "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары. 2011-2013 жылдары — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті. 2014 жылы — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры. 2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті. 2017-2020 жылдары — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры. 2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.