Ақша айырбастау орындарында доллар 503 – 510 теңгеден саудалануда
АҚШ доллары тағы қымбаттады
Ұлттық банк 28 қарашаға арналған ресми бағамын жариялады. 1 доллар - 499,51 теңге деп бекітілген. Ал Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 – 510 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,5 теңге. Еуро 528 — 532,5 теңге аралығында сатылып жатыр.