Ақтөбе облысында карантин жарияланды
Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қауіпті вирус табылды.
Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан ауруы шығып, карантин жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.
Күйдіргі жұқтырған 4 сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада кездеседі. Қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.