Жаңалықтар

Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды

The final spritzer

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Ақтөбе облысында полиция қызметкері өзінің танысына оқ атқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, табельдік қарудан байқаусызда оқ атқан. Соның салдарынан оның танысы жарақат алды", – делінген ресми хабарламада.

Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді.

Қазір бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 371-бабы ("Салақтық") бойынша тергеу басталды. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза – бір жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Оқиғаға қатысы бар полиция қызметкері қызметінен шеттетілді.