Ақтөбе әуежайы сатылымға шығарылды
Ақтөбе әуежайы сатылымға шығарылды
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы 3 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Осы мерзімнен кейін инвестор әуежайды сатып ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров әуежайды сату туралы айтуға ертерек екенін атап өтті. Сатып алушы алдымен тендердің 20-дан аса шарттарын орындау арқылы өзін жақсы басқарушы ретінде көрсетуі керек.
Ол Президент Жолдаудағы мемлекеттің тиімсіз басқарушы деген сөзін еске салды.
"Тарифтерге келетін болсақ, бұрынғы деңгейде қалады деп ойлаймыз. Бірақ әуе билеттерінің құны авиаотынның бағасына тікелей байланысты екенін атап өткім келеді, ал оның кейінгі құны бойынша бізде болжам жоқ", - деп толықтырды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!