Ақтөбеде алты жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті сотталды

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ақтөбеде 61 жастағы ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталды ,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында Ж.Қартпанбетовке қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-замбылық әрекеттері үшін айып тағылды. Іс жабық жағдайда қаралды. Өйткені жәбірленуші 6 жастағы қыз болды. Сотталушы жыныс мүшесін көрсеткен.
Сонымен қатар, оған Қылмыстық кодекстің 91 бабы 1 бөлігі 4 тармағы, 98 бабы 2 бөлігі негізінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде психикалық мінез-құлық бұзушылықтардан емдеу тағайындалатын болады.